Қазақстандық семсерлесуші Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Автор: Асыл Арман

Ол финалда Жапонияның спортшысынан жеңіліп қалды

Фото: Olympic.kz/Владислав Семенов

Қазақстандық семсерлесуші Кирилл Проходов Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Отандасымыз ақтық бәсекеде Коки Каномен (Жапония) айқасқа шықты. Тартысты бәсекеде жапониялық спортшы 15:13 есебімен басым түсті.

Айта кетейік, Коки Кано – шпагадан Токио-2020 және Париж-2024 Олимпиада ойындарының чемпионы.

Осылайша Кирилл Проходов Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті күміс медальді салды.