Суға кеткен 19 адамның 9-ының мәйіті табылды
Маңғыстауда оқу-жаттығу барысында қаза тапқан әскерилердің қазасы қоғамды дүр сілкіндірді. Оқиға орнынан түсірілген видео жарияланды, деп жазады Azattyq Rýhy.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, бүгін оқу-жауынгерлік міндеттерді орындау барысында ауа райының күрт нашарлауы және желдің күшейуіне байланысты 19 әскери қызметшіні теңізге алып кеткен. Қазіргі уақытта 9 адамның мәйіті табылды.
Үш әскери қызметші құтқарылды, олардың біреуі ауруханаға түсті. Қалғандары әлі хабар-ошарсыз.
Бас прокуратура қайғылы оқиғаға байланысты жедел-тергеу тобы құрып, қылмыстық іс қозғады.