Сәтбаев маңындағы шахтада болған өрт видеоға түсіп қалды

Автор: Алмас Ерсін

Өрт №45 шахтаның аумағында шығып, 50 шаршы метр жерді шарпыған. Зардап шеккендер жоқ

instagram.com/typical_satpayev видеосынан скриншот

Сәтбаевтан 35 шақырым жерде, Ұлытау облысында 2025 жылдан бері пайдаланылмай тұрған шахтада өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әлеуметтік желіде өртті сөндіру сәті түсірілген видео жарияланды.

Ұлытау облысының Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт 22 қыркүйек күні №45 шахтаның аумағында болған. Шахта копрының ағаш конструкциялары 50 шаршы метр аумақта жанған.

Құтқарушылар келгеннен кейін өрттің копрдан шахта оқпанындағы жер астында орналасқан ағаш конструкцияларға, соның ішінде шпалдарға тарағаны анықталды.

Кешке қарай өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің шамамен 35 қызметкері мен 10 техникасы, сондай-ақ ЖАСО тау-кен құтқарушылары жұмылдырылды.