Көкшетауда 625 орынға арналған ірі аурухана салынып жатыр: Қазақстан мен АИИБ арасында тағы қандай жобалар бар

Бұл туралы бүгін Құрылтайда Серік Жұманғарин мәлім етті

Көкшетауда 625 орынға арналған ірі аурухана салынып жатыр: Қазақстан мен АИИБ арасында тағы қандай жобалар бар
Фото: istockphoto.com

Қазақстан Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкімен (АИИБ) бірлесіп 7 жобаны іске асырады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Құрылтай брифингінде айтты.

«Қазір АИИБ-пен бірлескен 7 жоба бар. Олардың жалпы құны 1,8 млрд долларды құрайды. Сонымен қатар жел электр станцияларын салу бойынша екі жеке жоба бар. Тағы бір жобаның құжаттары тексеріліп жатыр. Бұдан бөлек, Көкшетауда шамамен 625 орынға арналған ірі аурухана салынып жатыр», – деді ол.

Министрдің сөзінше, Қазақстан осы уақытқа дейін банкке 400 млн доллар қайтарған. Тағы 2 млрд доллар көлеміндегі жобалар қарастырылып жатыр.

«Жалпы жоспарда 17 жоба бар. Олардың жалпы құны 5,3 млрд долларды құрайды. Бірақ қазір олардың тізімі әлі нақты емес», – деді Серік Жұманғарин.