Қазақстанда доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 447,85 теңге болды. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 0,66 теңгеге төмен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан Ұлттық банкінің 22 қыркүйекке белгілеген ресми бағамы – 448,44 теңге.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пунктерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 446,68 теңге, сату бағамы – 448,5 теңге.
Астананың айырбастау пунктерінде долларды орта есеппен 444,09 теңгеден сатып алып, 451,09 теңгеден сатып жатыр.
Шымкенттегі айырбастау пунктерінде доллардың орташа сатып алу бағамы – 447,22 теңге, ал сату бағамы – 449,32 теңге.