Петропавлда мотоцикл қағып кеткен жаяу жүргінші қаза тапты (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Ол жолды жаяу жүргіншілер өткелінен небәрі 200 метр қашықтықта жүгіріп өтпек болған

Фото: © istockphoto.com

Петропавлда мотоцикл жүргізушісі қағып. кеткен жаяу жүргінші қаза тапты. Жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы өткен түні Нұрсұлтан Назарбаев көшесіндегі сауда үйлерінің бірінің маңында болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алдын ала мәлімет бойынша, 38 жастағы ер адам жолды жаяу жүргіншілерге рұқсат етілмеген жерден, жаяу жүргіншілер өткелінен небәрі 200 метр қашықтықта жүгіріп өтпек болған. Алған жарақаты ауыр болып, оқиға орнында көз жұмды.

Ауыр жағдайда 41 жастағы көлік жүргізушісінің өзі де қалалық көпбейінді жедел медициналық жәрдем ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді.

«Жабық сынық, қан құйылған жабық бас-ми жарақаты, өкпе жарақаты, мойын және кеуде омыртқаларының, сондай-ақ бұғананың сынуы және жоғарғы жақ сүйегінің сынуы бар. Қандай да бір болжам айта алмаймыз, кем дегенде қазір жан-жақты медициналық көмек көрсетіліп жатыр», - дейді СҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Гүлнәр Қалиева.