Соңғы бес күнде Алматыда айыппұлы көп 20-дан астам көлік арнайы тұраққа қойылған
Алматыда соңғы бес күнде айыппұлы бойынша ірі қарызы бар 20-дан астам көлік арнайы тұраққа қойылды. Бұл туралы қалалық полиция мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ең көп қарыз Қырғызстанда тіркелген BMW көлігінің иесінде болған – 1,7 млн теңгеден астам.
Көліктер «Қорғау» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында ақпараттық жүйелер мен бейнебақылау камералары арқылы анықталған. Көліктердің басым бөлігі шетелдік есепте тұр. Алайда олардың арасында қазақстандық мемлекеттік нөмірлі көліктер де болған.
Ұсталған көліктердің барлығы арнайы тұраққа жеткізілді. Полиция қарыз жиналған жағдайда көлік заңда белгіленген тәртіппен анықталып, ұсталғанын еске салды.