ШҚО-да әкімдік үш жетім баланы баспанасыз қалдырмақ болған

Автор: Асыл Арман

Оларды қайтадан баспана кезегіне қою үшін прокурорлар араласқан

Фото: istockphoto.com

Риддер қаласының әкімдігі үш жетім баланы баспана кезегінен заңсыз шығарып, үйсіз қалдырмақ болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Прокурорлар жүргізген тексеру барысында үй алу кезегінде тұрған үш жетім баланың есептен заңсыз шығарғанын анықтады.

Оларды кезектен шығаруға Риддер қаласында уақытша тұрмауы, сондай-ақ бастапқы есепке қоюды растайтын құжаттардың жоғалуы негіз болған.

«Прокурорлық қадағалау актісі бойынша аталған тұлғалардың құқықтары қорғалды. Үш кәмелетке толмағанның барлығы бастапқы кезекке қойылған күні сақтала отырып, тұрғын үй кезегіне қайта қойылды», - делінген прокуратура хабарламасында.