Петропавлда бес қабатты үй өртенді

Автор: Дәулет Ботагөз

Өрт аумағы 7 шаршы метрді құраған

Фото: ТЖМ

Петропавл қаласы Шухов көшесі бойындағы бес қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтерлердің бірінен өрт шықты. Солтүстік Қазақстан облыстық ТЖД мәліметінше, пәтердегі жеке заттар мен жиһаздар жанып, өрт аумағы 7 шаршы метрді құраған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖД құтқарушылары баспалдақ маршы арқылы 6 адамды, оның ішінде 2 баланы аман-есен құтқарып алды. Сонымен қатар қауіпті аймақтан 31 адам, соның ішінде 9 бала қауіпсіз жерге эвакуацияланды.

Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында тілсіз жау толығымен сөндірілді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Мамандардың алдын ала болжамы бойынша, өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған.