20 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы жарияланды

Автор: Дәулет Ботагөз

Жексенбі күні Қазақстанның оңтүстік, шығыс және орталық өңірлерінде жаңбыр жауып, жел күшейеді деп күтілуде

Фото: © istockphoto.com

Жексенбі күні Қазақстанның оңтүстік, шығыс және орталық өңірлерінде жаңбыр жауып, жел күшейеді деп күтілуде. «Қазгидромет» болжамынша, оңтүстік-шығыста күн күркіреп, бұршақ жаууы және дауыл тұруы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Батыс және солтүстік өңірлерде негізінен жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең елдің батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түсуі ықтимал.

Жоғары өрт қаупі Павлодар, Қарағанды, Абай және Жетісу облыстарында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, Ақмола облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында және орталығында, Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, Маңғыстау облысының солтүстігі мен орталығында, сондай-ақ Алматы облысының оңтүстігінде сақталады.

Төтенше өрт қаупі Қызылорда, Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарында, Ұлытау облысында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, Атырау облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Абай облысының солтүстік-батысы мен оңтүстігінде, сондай-ақ Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында және орталығында күтіледі.