Астанада «Қазақы тазы» монотұқымдық көрмесі өтті

Іс-шара қазақы тазының үздік өкілдерін таныстырып, тұқымды сақтау мен дамыту бағытындағы жұмысты жалғастыруға мүмкіндік берді

Астанада «Қазақы тазы» монотұқымдық көрмесі өтті
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Бүгін Астанада халықаралық ит көрмесі аясында ұлттық мұрамыз — қазақы тазыға арналған монотұқымдық көрме өтті. Іс-шара қазақы тазының үздік өкілдерін таныстырып, тұқымды сақтау мен дамыту бағытындағы жұмысты жалғастыруға мүмкіндік берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көрме барысында сарапшылар тазылардың сыртқы келбеті мен тұқымдық сапаларын мұқият бағалап, стандартқа сай келетін ең үздік өкілдерін анықтады.

Қазақы тазы — ғасырлар бойы халқымызбен бірге жасасып келе жатқан бірегей мәдени құндылық. Бүгінде бұл тұқымды сақтау, өсіру және халықаралық деңгейде таныту бағытында жүйелі жұмыстар қолға алынған. 2026–2036 жылдарға арналған арнайы кешенді жоспар да бекітілген.

Осындай көрмелер қазақы тазының тұқымдық қасиеттерін сақтауға, жауапты асылдандыруды дамытуға және ұлттық тұқымды кеңінен танытуға мүмкіндік бермек.