Алматы тауларында үш адам адасып кетті

Автор: Дәулет Ботагөз

Таудан төмен түсіп бара жатқан 2007 жылы туған үш жасөспірім бағытынан адасып кетіп, көмек шақыруға мәжбүр болған

Фото: ТЖМ

Алматы облысының Қарасай ауданында орналасқан Сәтбаев шыңында (4317 м) төтенше жағдай болды. Таудан төмен түсіп бара жатқан 2007 жылы туған үш жасөспірім бағытынан адасып кетіп, көмек шақыруға мәжбүр болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Шақырту бойынша Алматы қаласының Мониторинг және жедел әрекет ету орталығыныңқұтқарушылары дереу іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті.

Мамандар адасқан туристермен ұялы байланысты үздіксіз сақтай отырып, олардың нақты геолокациясын анықтады. Құтқарушылар тобы қысқа мерзімде жасөспірімдер жүрген аумаққа жетіп, демалушыларды №22 өрт сөндіру бөліміне дейін аман-есен әрі қауіпсіз түрде жеткізді. 

Медициналық немесе өзге де көмек талап етілмегендіктен, бойжеткендер мен жігіттер үйлеріне өз беттерінше қайтты. Осы орайда мамандар таудағы қауіпсіздік ережелерін сақтау өмірді сақтаудың басты кепілі екенін ескертеді. 

Сондықтан синоптиктер мен құтқарушылар ауа райы мен бағытты алдын ала мұқият жоспарлауға кеңес береді.