Алматыда ЛРТ желісінің алғашқы рельстері төселіп жатыр (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Алғашқы желіні 2027 жылдың соңында ашу қосу жоспарланып отыр

Фото: Видеодан скрин

Алматы тұрғындарына болашақ жеңіл рельсті көлік (ЛРТ) желісінің алғашқы рельстері төселіп жатқан сәттің видеосы көрсетілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, алғашқы желіні 2027 жылдың соңында ашу қосу жоспарланып отыр.

LRT.Almaty Instagram парақшасында Алматыда рельс төсеу жұмысы жүріп жатқаны көрсетілді.

«Алматы ЛРТ-сының алғашқы рельстері осылай төселіп жатыр», – делінген жарияланымда.

Алматы әкімдігі бірінші желінің алғашқы кезеңі Алатау ауданындағы индустриялық аймақта, Мөңке би және Бауыржан Момышұлы көшелерінің маңында орналасқан деподан басталатынын хабарлаған.