Мизамшуақ күндер ме: алдағы демалыс күндері ауа райы 32 градусқа дейін ысиды
Кей жерлерінде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады, жел күшейеді
Қазақстанда алдағы үш тәулікте ауа райы біртіндеп тұрақтана бастайды. Республиканың солтүстік-батысында, кейін солтүстігінде жауын-шашын біртіндеп тоқтап, ауа температурасы көтеріледі. Ал еліміздің батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының кей жерлерінде найзағай ойнап, қысқа мерзімді жаңбыр жауады, жел күшейеді. Таулы аймақтарда кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Сонымен қатар оңтүстік өңірлерде жылы ауа райы сақталады.
«Күндіз ауа температурасы еліміздің солтүстігінде +17…+25°С, орталық және батыс өңірлерінде +20…+28°С-қа дейін, оңтүстік және оңтүстік-шығыста +27…+32°С-қа дейін көтеріледі», – делінген «Қазгидромет» хабарламасында.