Алаяқ қызметтер көрсету туралы жалған шарттар жасасып алдаған
Астанада бірнеше адам «Даму» қорының бағдарламасы бойынша 100 млн теңге жеңілдетілген несие алу үшін алаяққа 1 млн теңгеден беріп жіберген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Прокуратураның мәліметінше, алаяқ азаматтармен консалтингтік қызметтер көрсету туралы жалған шарттар жасасып алдаған.
«Келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 4 млн теңгені құрады. Прокурор сотта сотталушының кінәсін толық дәлелдеді. Сот үкімімен оған 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енді», – делінген прокуратураның хабарламасында.
Астана қаласының прокуратурасы азаматтарды сақ болуға және тек уәкілетті ұйымдарға жүгінуге шақырады.