Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

Автор: Алмас Ерсін

Қазақстанда күн райы құбылмалы болады

Фото: istockphoto.com

Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз жел күшейеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Солтүстік өңірлерде ауа райы құбылмалы болады. Петропавлда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз жел екпінді болады. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +18...+20°C болады.

Қостанайда күн бұлтты болып, таңертең және күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Күндіз жел күшейеді. Түнде +13...+15°C, күндіз +19...+21°C болады.

Көкшетауда күн құбылмалы, бұлтты болып, күндіз аздаған жаңбыр жауады. Күндіз жел екпінді болады. Температура түнде +10...+12°C, күндіз +21...+23°C болады.

Павлодарда жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде +6...+8°C, күндіз +21...+23°C болады.

Қарағандыда да жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі. Түнгі температура +5...+7°C, күндіз +21...+23°C болады.

Жезқазғанда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде +7...+9°C, күндіз +24...+26°C болады.

Шығыс Қазақстанда да жаңбыр жауады. Өскеменде түнде және күннің бірінші жартысында жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +8...+10°C, күндіз +18...+20°C болады.

Семейде түнде және таңертең жаңбыр жауады. Түнде +7...+9°C, күндіз +18...+20°C болады.

Батыс өңірлерде де жаңбыр мен найзағай күтіледі. Оралда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз жел екпінді болады. Температура түнде +10...+12°C, күндіз +20...+22°C болады.

Атырауда түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнгі температура +17...+19°C, күндіз +26...+28°C болады.

Ақтөбеде күн бұлтты болады. Түнде аздаған жаңбыр, күндіз жаңбыр жауады. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +17...+19°C, күндіз +21...+23°C болады.

Маңғыстау облысында күн жылы әрі жауын-шашынсыз өтеді. Ақтауда күн құбылмалы бұлтты болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Температура түнде +17...+19°C, күндіз +27...+29°C болады.

Оңтүстік өңірлерде күн жылы болады. Таразда жауын-шашын болмайды. Түнде +10...+12°C, күндіз +27...+29°C болады.

Шымкентте күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Жел екпінді соғады. Ауа температурасы түнде +14...+16°C, күндіз +28...+30°C болады.

Түркістанда жауын-шашын болмайды, күн құбылмалы бұлтты болады. Күндіз жел күшейеді. Түнде +15...+17°C, күндіз +30...+32°C болады.

Қызылордада күн аздап бұлтты болып, жауын-шашын болмайды. Күндіз жел екпінді болады. Температура түнде +15...+17°C, күндіз +30...+32°C болады.

Алматы облысында да жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Қонаевта күн құбылмалы бұлтты болады. Түнде +12...+14°C, күндіз +26...+28°C болады.

Талдықорғанда жауын-шашын болмайды. Күндіз жел екпінді болады. Түнгі температура +3...+5°C, күндіз +24...+26°C болады.

Алматыда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы түнде +12...+14°C, күндіз +25...+27°C болады.

Астанада күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз өтеді. Түнде ауа температурасы +6...+8°C, күндіз +23...+25°C болады.