Алматы облысының тұрғыны 881 түп қарасора өсірген (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Қылмыстық іске барды деген күдікпен 44 жастағы ер адам ұсталды

Фото: Polisia.kz

Алматы облысының тұрғыны 881 түп қарасора өсіргені анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ІІМ мәліметінше, қылмыстық іске барды деген күдікпен 44 жастағы ер адам ұсталды. Белгілі болғандай, ол шамамен екі ай бойы өз бетінше өсіріп, күтіп, суарып отырған.

«Аталған факт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді. Жауап алу барысында күдікті кінәсін мойындап, өсімдіктерді өткізу мақсатынсыз, жеке пайдалану үшін өсіргенін айтты. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.

Полиция мынаны ескертеді: құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.