Алдағы үш күнде Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады
«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстан аумағында барикалық құрылымдардың жылдам ауысуы күтіледі.
«Қазақстан Республикасының басым бөлігінде жауын-шашынның тоқтап, ауа температурасының төмендеуіне себеп болған антициклонның артынан еліміздің батыс, кейін солтүстік өңірлеріне жаңбыр, найзағай және екпінді жел алып келетін циклон жылжи бастайды», – делінген ауа райы болжамында.
Ал республиканың оңтүстігінде Өзбекстан аумағынан келетін жылы ауа массаларының ықпалымен жауын-шашынсыз, негізінен жылы ауа райы сақталады.