Көлік жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды
Ақмола облысының Целиноград ауданына қарасты Нұресіл ауылында жол-көлік оқиғасы салдарынан кішкентай бала қаза тапты. Полиция бұл факті бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 15 қыркүйекте болған. «Газель» автокөлігінің жүргізушісі баланы қағып кеткен. Алған жарақаттарынан төрт жасар қыз бала оқиға орнында көз жұмды.
Көлік жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Ақмола облысының Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелері мен белгіленген жылдамдық режимін сақтауға, сондай-ақ жолда барынша мұқият болуға шақырды.