Желіде әншінің жүктілігіне байланысты сыбыс тараған
Танымал әнші Ерке Есмахан өзінің жүктілігіне қатысты тараған сыбысқа жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әнші ел аузында тараған сыбысты жауапсыз қалдырмай, желідегі парақшасында жауап жазды.
«Ішіме тиіспеңдер. Бұл менің үш ұлдың анасы деген ең жоғарғы статусым ғой. Кететін шығар, босанғаныма бір жыл ғана болды ғой», - деп жазды әнші желідегі парақшасында.
Айта кетейік, осыған дейін сахнадағы әншінің киген кең киіміне байланысты кезекті рет жүкті болуы мүмкін деген болжам жасаған.