Астанадағы Ермеков көшесі 20 тамызға дейін жартылай жабылды

Автор: Azattyq Rýhy

Әкімдік жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұрайды

Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтан қаласындағы Ермеков көшесі 20 тамызға дейін жартылай жабылды. Жүргізушілер маршрутын алдын-ала жоспарлауы керек, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Көше-жол желісін орташа жөндеу аясында Ермеков көшесінде Қарасақал Ерімбет көшесінен Сарайшық көшесіне дейінгі учаскеде жол салу жұмыстары жоспарланған. Осыған орай, 5-20 тамыз аралығында осы учаскедегі көлік қозғалысын жартылай жабу жоспарланған. Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін маршруттарын алдын-ала жоспарлауы керек», - делінген хабарламада.

Әкімдік келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұрап, жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұрады.