Ол Арал ауданының 39 жастағы тұрғыны болып шықты
Қызылорда облысының Арал ауданында учаскелік полиция инспекторын өлтірді деген күдікке ілінген азамат ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды, деп деп хабарлайды Azattyq Rýhy өңірлік Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Күдікті Арал ауданының 39 жастағы тұрғыны болып шықты.
Арал ауданында болған тұрмыстық жанжал кезінде учаскелік полиция инспекторы ауыр дене жарақаттарын алып, қайтыс болды. Оқиға кезінде тәртіп сақшысы еңбек демалысында болған. Қазіргі таңда қылмыстық істі тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының тікелей бақылауына алынды, ал тергеу мүддесіне байланысты өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды. Бұған дейін, 1 қыркүйекте Қызылорда облысында денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар полицейдің мәйіті табылғаны хабарланып, сол кезде-ақ тәртіп сақшылары күдіктінің жеке басын анықтаған болатын.