6 тамызда бұл облыстарда аптап ыстық болады
Елімізде 9 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
6 тамызда Атырау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, күн күркірейді. Күндіз 35 градусқа дейін ыстық болады, өте жоғары өрт қауіпі сақталады. Сол күні Атырау қаласында түнде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды.
6 тамызда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін. Жел солтүстік-шығыстан соғады, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. 6 тамызда өңірдің оңтүстігінде 35 градус ыстық болады. Облыстың басым бөлігінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.
6 тамызда күндіз Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, күн күркірейді. Оңтүстікте 38 градус қатты ыстық болады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с жетеді. Қостанай қаласында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20м/с жетеді.
6 тамызда күндіз Түркістан облысының басым бөлігінде 40 градус ыстық болады. Кей жерлерде өте жоғары өрт қаупі сақталады. Күндіз Түркістан қаласында 40 градус қатты ыстық болуы ықтимал.
6 тамызда күндіз Ақмола облысының кей жерлерінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Кей жерлерде өрт қаупі жоғары болады. Талдықорған қаласында 6-8 тамызда күндіз 35 градус қатты ыстық болады.
6 тамызда күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады.
6-8 тамызда күндіз Таразда 6-8 тамызда 39°С қатты ыстық болуы мүмкін.
6-7 тамызда Қарағанды облысында кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, кей жерлерде 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.