Трамп Қазақстан халқын Тәуелсіздіктің 35 жылдығымен құттықтады

Автор: Алмас Ерсін

Ол арнайы өкілі арқылы Қазақстан президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Көрнекі фото: Ақорда

АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында арнайы құттықтау жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Құрметті, президент мырза! Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында жылы лебізімді қабыл алыңыз! Миллиондаған қазақстандық Астанада және елдің түкпір-түкпірінде 1991 жылы республика Тәуелсіздігі жарияланғаннан бері көздің қарашығындай сақтап, еселей түскен бай мәдениетін, тарихи мұрасын және қайталанбас келбетін ерекше мақтанышпен паш етеді», – деп жазды Дональд Трамп.

Ол екі ел арасындағы қарым-қатынас нығая беретініне сенімділік білдірді.

«Мемлекеттеріміз арасындағы Кеңейтілген стратегиялық серіктестікті жоғары бағалаймын және мен президенттік лауазымды атқарған екі мерзімде қалыптасқан берік байланысты одан әрі нығайтамыз деп сенемін. Қазақстан халқының бағына орай, сіз сияқты тегеурінді әрі батыл көшбасшысы бар. Осы қуанышты сәтті сіздермен бөлісу – мен үшін зор мәртебе», – делінген Трамптың құттықтауында.

Айта кетейік, Дональд Трамп Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гор арқылы президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында жолдаған құттықтау хатты табыстады.