Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн райы бұзылып, күн күркіреп, жаңбыр жауады
Жексенбі күні «Қазгидромет» синоптиктерінің болжамы бойынша, Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн райы бұзылып, күн күркіреп, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Солтүстік және солтүстік-батыс өңірлерде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ жаууы әрі дауыл соғуы мүмкін.
Елдің батыс өңірлерінде ғана жауын-шашынсыз ашық ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.
Өрт қаупі бар өңірлер бойынша жасалған ескертуге сәйкес, алдағы уақытта еліміздің басым бөлігінде күрделі ахуал сақталады. Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Абай, Жетісу облыстарында, сондай-ақ Қостанай, Ақтөбе, Ақмола, Алматы және Маңғыстау облыстарының кейбір аумақтарында жоғары өрт қаупі күтіледі. Ал Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Ұлытау облыстарында, сонымен бірге Қарағанды, Абай, Жетісу, Алматы, Атырау және Маңғыстау өңірлерінің жекелеген өңірлерінде төтенше өрт қаупі сақталатыны болжануда.