12.09.2026, 15:09
Жаңалықтар
Қарағандыда кішкентай бала шұңқырға құлап кеткен
Дабыл түскен бойда оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары жедел жетті
Фото: © istockphoto.com
Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданында кішкентай баланың өміріне қауіп төнген төтенше жағдай болды. Чайкина көшесіндегі тұрғын үйдің маңында бағана орнату үшін қазылған шұңқырға 2025 жылы туған бүлдіршін құлап кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дабыл түскен бойда оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары жедел жетті. Арнайы мамандық пен шапшаңдықтың арқасында құтқарушылар баланы шұңқырдан аман-есен алып шығып, анасына тапсырды.
Оқиғадан кейін бүлдіршіннің денсаулық жағдайын толық тексеру және қажетті медициналық бақылау жасау үшін ол жедел медициналық жәрдем бригадасының мамандарына аман-есен тапсырылды.
Көп оқылған
28.10.2026, 16:15
Тоқаевтың Жолдаудағы сынынан кейін төрт сағат өте алғашқы топ-менеджер жұмысынан айырылды
28.10.2026, 12:26
«Бас-аяғы 77 мың адам»: Тоқаев Жолдауында кімдердің жалақысын 40 пайызға дейін көбейтіп берді
28.10.2026, 13:30
Бір уыс доллар мен айфон 18: әнші Алтынай Жорабаеваның туған күніне күйеуі не сыйлады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды