Енді ғалымдар табылған адам қалдықтарының нақты жасын анықтауы керек
Солтүстік Қазақстан облысында құрылысшылар екі адамның сүйегі мен ежелгі жануардың қалдықтарын тапты. Сирек кездесетін қалдықтар Петропавл қаласына жақын орналасқан Прибрежное ауылының маңынан табылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жұмысшылар бұл қалдықтарды көпір құрылысы кезінде тапқан. Экскаватор құм карьерін қазып жатқанда, топырақ арасынан сүйектер байқалған. Олар дереу бетке шығарылып, оқиға орнына полиция қызметкерлері шақырылды.
Тәртіп сақшылары тексеру жұмыстарын бастады. Алдын ала мәліметтер бойынша, криминалдық сипаттағы белгілер анықталған жоқ. Сонымен бірге, адам сүйектерінің қай дәуірге жататыны әлі белгісіз.
Табылған сүйектердің бірін тарих ғылымдарының кандидаты, археолог Анатолий Плешаков зерттеп көрді. Алдын ала болжам бойынша, ол бұдан бұрын біздің заманымызға дейінгі XII мыңжылдыққа дейін бұл аумақты мекендеген жүндес мүйізтұмсыққа тиесілі.
«Жүндес мүйізтұмсық — мамонттар фаунасының өкілі, палеолит пен мұз дәуірінің жануары. Егер табылған бас сүйектердің тым болмаса біреуі сонау дәуірге жататыны анықталса, бұл үлкен сенсация болады. Мамонт фаунасының табылуының өзі сенсация болса, бұл одан да асқан жаңалық болмақ. Өйткені бас сүйектің бірі қатты минералданған, бұл өте қызықты кейс», — деді археолог Анатолий Плешаков.
Енді ғалымдар табылған адам қалдықтарының нақты жасын анықтауы керек. Мамандар табылған сүйектер мен құм карьерінің өзін толықтай терең зерттеуді жоспарлап отыр.