Сот талқылауы сегіз айға созылып, нысанды бұзу туралы сот шешімімен аяқталды
Астанада кәсіпкер кәсібін дөңгелеу үшін көлік жуу орнын салған. Алайда әкімдік арнайы тексеру жүргізіп, нәтижесінде рұқсат құжаттарынсыз әрі көлік жуу орнына арналмаған аумақта салынғаны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Осыған дейін елорданың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау инспекторлары нысан иесіне анықталған ескерту жасаған. Алайда кәсіпкер бұл талаптарды орындаудан бас тартқан.
«Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы аталған нысанға жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру нәтижесі бойынша нысан иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Нұсқама орындалмағандықтан, басқарма нысанды бұзу туралы сотқа талап арыз берді», – деп түсіндірді Астана қаласы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бас маманы Өміржан Керейхан.
Сот талқылауы сегіз айға созылып, нысанды бұзу туралы сот шешімімен аяқталды.