Жаңбырлы күндер келе жатыр: алдағы демалыста ауа райы салқындайды

Ауа райы болжамы жарияланды

Жаңбырлы күндер келе жатыр: алдағы демалыста ауа райы салқындайды
Фото: istockphoto.com

Алдағы демалыс күндері Қазақстанның солтүстік өңірлерінде жаңбыр жауып, ауа райы салқын болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің мәліметінше, демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігінің ауа райын циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар белгілейді. Ел аумағында ауа райы тұрақсыз болады: жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай байқалады, жел күшейеді.

«Қазақстанның оңтүстігінде әзірге жылы ауа райы сақталады. Ал солтүстік өңірлерде жылы әрі ашық күндерден кейін ауа температурасы айтарлықтай салқындап, жаңбыр жауады, кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі және жел күшейеді. Сонымен қатар, еліміздің батысында ауа райы біртіндеп тұрақтанады: жаңбыр тоқтап, ауа температурасы жоғарылай бастайды», – делінген «Қазгидромет» болжамында.

Күндізгі ауа температурасы солтүстікте +13+20°С-қа, орталық өңірлерде +15+25 °С-қа дейін төмендейді.

Батыс өңірлерде ауа температурасының біртіндеп +20+30°С-қа дейін жоғарылауы күтіледі.