Президент елшілер арасында кадрлық өзгерістер жасады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Малайзия мен Грузиядағы жаңа елшілерін тағайындады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақорданың мәліметінше, мемлекет басшысының жарлықтарымен Мәлік Кеңесбайұлы Мырзалин Қазақстанның Малайзиядағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстанның Грузиядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.
«Талғат Мұбарақұлы Адуов Қазақстанның Грузиядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды», – делінген хабарламада.
Ал Болат Болатұлы Сүгірбаев мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстанның Малайзия мен Бруней-Даруссаламдағы төтенше және өкілетті елшісі қызметтерінен босатылды.