Тоқаев жаңа ТЖМ басшысын қабылдап, жер сілкінісін ерте анықтау үшін ЖИ енгізуді нықтап тұрып тапсырды
Жаңа министрге бірқатар міндет жүктелді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұхановты қабылдады, деп хабарайды Azattyq Rýhy.
Ақорданың мәліметінше, кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдайлар министрлігі қызметіндегі басым бағыттарды айқындап, ведомствоға бірқатар нақты міндет жүктеді.
«Президент маусымдық төтенше жағдайларға дайындықты пысықтау, аудандық және ауылдық бөлімшелерді одан әрі дамытып, оларды техникалық жарақтандыру деңгейін арттыру жөнінде тапсырма берді. Өрт, өнеркәсіп және сейсмология қауіпсіздігі мәселелеріне, халықты хабардар ету жүйесін жетілдіруге, сондай-ақ қатерлерді болжау мен ерте анықтау үшін цифрлық шешімдерді, жасанды интеллектіні енгізуге ерекше назар аударылды», - делінген Ақорда хабарламасында.
Сол сияқты президент ведомствоның кадрлық әлеуетін нығайтып, құтқарушылардың кәсіби даярлығын күшейтуді тапсырды.