Киберқауіп пен дипфейк: Астанада «CYBER STEPPE 2026» конференциясы басталды
Қазір Қазақстанда Киберқауіпсіздік айы өтіп жатыр
Астанадағы Халықаралық ЖИ орталығы – Alem.ai алаңында MSSP Global компаниясы ұйымдастырған екі күндік конференциясы басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жасанды интеллект министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып.
Конференцияны аша отырып, ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Досжан Мұсалиев цифрлық жүйелерді дамыту үшін Қазақстанда бір емес, екі заңды құжат күшіне енгенін атап өтті.
«Биыл Цифрлық кодекс пен «Киберқауіпсіздік туралы» заң күшіне енді. Дербес деректерді қорғау саласындағы заңнама күшейді. Ал Еңбек кодексінде алғаш рет жұмыс берушілер мен қызметкерлердің киберқауіпсіздік пен кибермәдениетке қатысты міндеттері бекіді», - деді ол.
Жалпы, қазір Қазақстанда Киберқауіпсіздік айы өтіп жатыр. Осы айлық аясында еліміздің барлық өңірінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, киберсабақтар, өңірлік форумдар мен практикалық іс-шаралар өтеді. Бұл айлықты бүгінгі Cyber Steppe конференциясы бастап, ай соңындаKazHackStan-2026 жиыны өтпек.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, киберқауіп, фишинг, әлеуметтік инженерия және дипфейк тақырыбы қазір әлдеқайда күрделене түскен. Яғни, бұлар қазір кез келген адам үшін қауіпті. Сондықтан, СYBER STEPPE конференциясына қатысып жатқан ақпараттық қауіпсіздік мамандары мен мемлекеттік органдардың, бизнестің, банк секторының, стартаптар мен білім беру ұйымдарының өкілдері бұл мәселелердің шешімін жан-жақты талқыламақ.