Екібастұз тұрғыны бүгінге дейін КСРО құжатымен өмір сүріп келген

Автор: Асыл Арман

Ол құжатының болмауына байланысты зейнетақы төлемдерін тиісті тәртіппен рәсімдей алмаған

Фото: Павлодар облысы ПД

Павлодар облысының Екібастұз қаласында ер адам ұзақ уақыт бойы жеке куәліксіз өмір сүріп, тұрғылықты жері бойынша тіркеуде болмаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ведомствоның мәліметінше, негізгі құжаттарының болмауы ер адамның өміріне елеулі қиындықтар туғызған. Нақты айтқанда, зейнет жасына жеткеннен кейін ол зейнетақы төлемдерін тиісті тәртіппен рәсімдей алмаған.

Ер адам көші-қон қызметіне жүгініп, қажетті кеңес алғаннан кейін көмек көрсетілді.

«Енді толыққанды өмір сүре аламын», – деді ер адам.