Өрттің шығу себептері мен мән-жайы анықталып жатыр
Ақтөбе облысындағы Қобда ауылында үйлердің бірінен өрт шығып, 21 жастағы бойжеткен қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қайғылы оқиға кеше, яни 8 қыркүйек күні Ақтөбе облысындағы Қобда ауданының Қобда ауылында Щербаков көшесінде болған. ТЖД мәліметінше, тұрғын үйдің бөлмесі мен шатыры өртенді.
«Өрттің аумағы 96 шаршы метрді құрады. Өрт салдарынан бір адам қаза тапты. Өрт толықтай сөндірілді. Оқиға орнында Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері, жедел медициналық жәрдем және полиция бригадалары жұмыс істеді», – делінген хабарламада.
Өрттің шығу себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.