Елдің басым бөлігінде күн ыстық болады, ал батыста жаңбыр жауып, найзағай ойнайды
Қазақстандағы 9 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын синоптиктер ұсынды. Ел аумағының басым бөлігінде құрғақ әрі ыстық ауа райы сақталады, кей жерлерде ауа температурасы +36 градусқа дейін көтеріледі. Батыс өңірлерде күн айтарлықтай салқындап, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ, тұман және екпінді жел күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +31...+33°C.
Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +29...+31°C.
Шымкентте көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +32...+34°C.
Ақтөбеде көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде +7...+9°C, күндіз +19...+21°C.
Ақтауда көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +24...+26°C.
Атырауда көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +11...+13°C, күндіз +20...+22°C.
Жезқазғанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +29...+31°C.
Қарағандыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +11...+13°C, күндіз +29...+31°C.
Көкшетауда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +14...+16°C, күндіз +29...+31°C.
Қонаевта көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +31...+33°C.
Қостанайда көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +20...+22°C.
Қызылордада көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +26...+28°C.
Павлодарда аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +29...+31°C.
Петропавлда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +14...+16°C, күндіз +28...+30°C.
Семейде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +9...+11°C, күндіз +29...+31°C.
Талдықорғанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +5...+7°C, күндіз +30...+32°C.
Таразда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +34...+36°C.
Түркістанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +34...+36°C.
Оралда күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ жауып, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +8...+10°C, күндіз +15...+17°C.
Өскеменде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +8...+10°C, күндіз +29...+31°C.