Жер бетінде күзгі магниттік дауыл басталды: алдағы күндері қандай өзгеріс болуы мүмкін

Автор: Асыл Арман

Магниттік дауыл Астана уақытымен шамамен сағат 13:00-де басталған

Фото: istockphoto.com

Жер бетінде 8 тамыз күні алғашқы күзгі магниттік дауыл басталды. Ғалымдардың болжамынша, алдағы күндері ол күшеюі мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі Күн астрономиясы зертханасына сілтеме жасап.

Ғалымдардың мәліметінше, магниттік дауыл Астана уақытымен шамамен сағат 13:00-де басталған. Қазір ол бес балдық жүйе бойынша бірінші деңгейге жатады, яғни әлсіз магниттік дауыл саналады.

«Дауылдың болатыны бір күн бұрын болжанған еді. Бұған үш күн бұрын Күннен ұшқан плазмалық бұлттың Жерге жетуі себеп болуы мүмкін деген болжам жасалған. Күннен жеткен плазма Жерге кеше түстен кейін жетіп, ұзақ уақытқа созылған геомагниттік ауытқулар (сары деңгей) туғызды. Қазіргі уақытта бұл құбылыс шамамен бір тәулікке жуық уақыт жалғасып келеді. Ал бүгін магниттік дауыл деңгейіне жетті», – деп түсіндірді зертхана мамандары.

Ғалымдардың болжамынша, геомагниттік жағдайдың тұрақтануы екі тәуліктен кем болмайды. Осы кезеңде екінші деңгейдегі (орташа) магниттік дауылдар, сондай-ақ ықтималдығы төмен болса да, үшінші деңгейдегі (күшті) дауылдар болуы мүмкін.