Есірткінің жалпы салмағы – 6 келі 550 грамм
Талдықорған қаласында полиция қызметкерлері есірткі сатты деген күдікпен 32 жастағы ер адамды қолға түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жетісу облысы ПД мәліметінше, тұрғылықты жерін тінту барысында өсімдік тектес зат тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, гашиш екені анықталды. Оның жалпы салмағы 6 келі 550 грамды құрады.
Осылайша, заңсыз айналымнан қала көшелеріне таралуы мүмкін есірткінің ірі партиясы тәркіленді.
«Ұсталған азаматқа қатысты тергеу жүргізілуде. Ол қамауға алынды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы, сондай-ақ есірткінің заңсыз айналымына қатысы болуы мүмкін өзге де тұлғалар анықталып жатыр», – делінген хабарламада.