Астанада қыз баланың марғауды жіппен сүйреп бара жатқан сәті видеоға түсіп қалды

Полиция департаменті қазіргі уақытта видеодағы қыз баланың кім екенін анықтап жатқанын хабарлады

Астанада қыз баланың марғауды жіппен сүйреп бара жатқан сәті видеоға түсіп қалды
Фото: istockphoto.com

Астанада куәгерлердің бірі қыз баланың жолда кішкентай марғауды сүйреп бара жатқан сәтін видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға Астанадағы Қордай көшесінде болған. Жолдан кішкентай марғаумен бірге өтіп бара жатқан қыз баланы көрген куәгер жануардың жағдайына алаңдап, оқиғаны видеоға түсірген. Кейін бұл ақпарат полицияға жеткен.

Полиция департаменті қазіргі уақытта видеодағы қыз баланың кім екенін анықтап жатқанын хабарлады.

«Осы факті бойынша қыз баланың жеке басын анықтау мақсатында тексеру жүргізіліп жатыр. Тексеру нәтижесінде оның әрекетіне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті құқықтық баға беріледі», – деп хабарлады Астана қаласының Полиция департаменті.