Елена Рыбакина карьерасында алғаш рет US Open турнирінің ширек финалына шықты

Автор: Асыл Арман

Ол жартылай финалға шығар болса, әлемнің бірінші ракеткасы атанады

Фото: ҚТФ

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина карьерасында алғаш рет US Open турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Отандасымыз 1/8 финалда жапониялық Наоми Осаканы (WTA рейтингінде 13-орында) тізе бүктірді. Матч 6:1 және 6:4 есебімен аяқталды. Рыбакина аталмыш турнирде әзірге бірде бір сет жеңілген жоқ.

Ол енді ширек финалда польшалық Ига Швентекті сенсациялық тұрғыда жеңген Қытай теннисшісі Чжэн Циньвэнмен күш сынасады. Елена Рыбакина осы ойында жеңіске жетер болса, әлемнің бірінші ракеткасы статусын иеленеді.

Айта кетейік, осыған дейін отандасымыз испаниялық WTA рейтингінде 105-орында тұрған испаниялық Джессика Бузас Манейроны жеңгені хабарланған.