Шұғыл хабарландыру: Астанада өрт қаупіне байланысты ескерту жарияланды

Автор: Асыл Арман

Төтенше жағдайлар департаменті астаналықтарға ескерту жариялады

Фото: istockphoto.com

Ikomek 109 орталығы Астанада өрт қаупіне байланысты ескерту жарияланғанын хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК деректері бойынша 08.09. 2026 күні жоғары өрт қаупі күтілетіні туралы хабарлайды», – деп жазады Ikomek 109.

Айта кетейік, соңғы уақыттары елімізде табиғи апаттар жиілеп барады. Жуырда Іле өзені маңында өрт шығып, оны сөндіру үшін құтқарушылар тікұшақ көмегіне жүгінді.

Сол сияқты өткен жексенбі күні Қостанай облысында алапат өрт шығып, саяжай аумағына қауіп төндірген.