06.09.2026, 01:19
Жаңалықтар
Іле өзені маңында өрт шықты: сөндіруге тікұшақ жұмылдырылды
Төрт өрт ошағының үшеуі оқшауланды
Фото: istockphoto.com
Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында, Нұрлы ауылынан шамамен 20 шақырым жерде құрғақ шөп пен қамыс өртенді. Өрт Іле өзеніне жақын ашық аумақта шыққан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, батпақты әрі жетуі қиын жер бедері және кіреберіс жолдардың болмауы өрт сөндіру жұмыстарын қиындатып отыр. Өрт сөндіру және ауыр техниканың өтуі үшін мамандар арнайы жол салып жатыр.
Өртті сөндіруге 70-ке жуық адам, 21 техника және «Қазавиақұтқару» тікұшағы жұмылдырылған. Төрт өрт ошағының үшеуі оқшауланды. Төртінші ошақтағы өртті сөндіру жұмыстары күшейтілген режимде жалғасып жатыр.
Оқиға орнында жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Жағдай Қазақстан ТЖМ бақылауында.
Көп оқылған
21.10.2026, 11:33
Маңғыстауда кәсіпкер жалған құжат жасап алып, шетелге танкерімен 45 млрд теңгенің мұнайын апарып сатқан (ВИДЕО)
21.10.2026, 09:33
«Ішерге су, жеуге тамақ жоқ отырған»: ШҚО-да полиция тарақандардың арасында өмір сүрген төрт баланы ата-анасынан алып кетті (ВИДЕО)
21.10.2026, 16:07
Келесі жылдан бастап Қазақстанда кімдерге АӘК төленбейді – үкімет тағы бір қаулы қабылдады
21.10.2026, 16:49
Ажырасқаннан кейін де бірге өмір сүрген: Таразда ер адам экс-жұбайын есінен танғанша ұрған
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды