Жергілікті пияз алқабында бағдарынан адасып кеткен 2008 жылы туған жас жігітті ТЖМ құтқарушылары жедел түрде тапты
Жамбыл облысының Шу ауданына қарасты Алға ауылында түнгі уақытта іздеу-құтқару операциясы сәтті аяқталды. Жергілікті пияз алқабында бағдарынан адасып кеткен 2008 жылы туған жас жігітті ТЖМ құтқарушылары жедел түрде тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға орнынан дабыл түскен бойда ТЖМ күштері мен құралдары жедел түрде көрсетілген өңірге бағытталды. Құтқарушылардың кәсіби және үйлесімді әрекетінің арқасында жас жігіттің орналасқан жері қысқа мерзімде анықталды.
ТЖД өкілдерінің хабарлауынша, аман-есен табылған азаматқа медициналық көмек қажет болмаған, оның денсаулығына зиян келмеген.