Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр
Қазақстан Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі №6655 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісіне қатысты оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тергеуді ҚР ІІМ Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасының Ақтөбе бөлімі жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
«Жан-жақты әрі объективті тексеру нәтижесі бойынша тиісті құқықтық баға беріледі», – делінген хабарламада.