Ол Астанадағы Alem.ai базасында жұмыс істейді
Әлемнің түкпір-түкпірінен кәсіпкерлерді, инженерлерді, зерттеушілерді және технологиялық өнім жасаушыларды біріктіретін халықаралық технологиялық қоғамдастық – Network School Kazakhstan ресми түрде жұмысын бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл қоғамдастың Астанадағы Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығының базасында жұмыс істейді. Оның ашылу салтанатына вице-премьер әрі Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, Astana Hub халықаралық инновациялық кластері, «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен Superteam Kazakhstan өкілдері қатысқан.
Болжам бойынша, Network School Kazakhstan жаһандық технологиялық экожүйе мен Қазақстанның талантты мамандарының арасын байланыстырады.
«Жоба елге халықаралық кәсіпкерлерді, инженерлерді және технологиялық командаларды тартуға бағытталған, сонымен қатар қазақстандық мамандар үшін жан-жақты мүмкіндік береді», - деп хабарлайды министрліктің ресми сайты.
Network School негізін қалаушы Балаж Шринивасан, ол технологиялық кәсіпкер әрі инвестор, Coinbase компаниясының бұрынғы техникалық директоры және Andreessen Horowitz венчурлық қорының бас серіктесі, The Network State кітабының авторы.
«Қазақстанның инженерлері мықты, заманауи цифрлық инфрақұрылым және технологиялық кәсіпкерлер үшін жақсы ортасы бар. Қазақстанның үлкен мүмкіндіктерін көріп отырмыз және тығыз ынтымақтастық орната аламыз деп сенемін», –дейді Балаж Шринивасан.