«Газ баллонын жарып тастаймын»: Шахтинск тұрғыны орынсыз әзілдегені үшін 16 күнге қамауға алынды (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

ІІМ мәліметінше, мұндай сөздерді әзіл деп қабылдауға болмайды

Фото: Видеодан скрин

Шахтинск қаласының 33 жастағы тұрғыны орынсыз әзілдеген үшін сот шешімімен 16 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ІІМ мәліметінше, оқиға 2 қыркүйек күні болған. Полицияға К.Маркс көшесіндегі үйлердің біріндегі пәтерде шу шығып, жұрттың тыныштығын бұзғаны туралы хабарлама түскен.

«Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері мән-жайды анықтауға кірісті. Әңгімелесу барысында пәтерде болған 33 жастағы ер адам газ баллонын жарып жіберемін деп қорқытқан. Сот отырысында ер адам алкогольдік ішімдік ішкенін айтып, полиция қызметкерлеріне айтқан қорқыту сөздерін «әзіл» ретінде түсіндірген.

Алайда мұндай сөздерді әзіл деп қабылдауға болмайды. Адамдардың өмірі мен қауіпсіздігіне қауіп төндіретін әрекеттер заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.