Алдағы демалыс күндері ауа райы жылы болады – «Қазгидромет»

Автор: Асыл Арман

Қазақстанның барлық өңірінде күн райы жылы болады

Фото: istockphoto.com

Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына жоғары қысымды аймақ әсер етеді. Осыған байланысты күн ашық болып, жауын-шашын болмайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің мәліметінше, елдің батысы, оңтүстігі және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен кей жерлерде найзағай ойнап, жел күшейіп, жаңбыр жауады.

Қазақстанның барлық дерлік өңірінде күн райы жылы болады. Дегенмен шығыста және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнгі ауа температурасы салқын болады.

Күндізгі ауа температурасы:

  • Батыста, солтүстікте және орталықта: +25...+33°С;
  • Шығыста: +20...+25°С;
  • Оңтүстікте: +28...+37°С;
  • Оңтүстік-шығыста: +20...+30°С, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда +10...+20°С-қа дейін.