Отандастарымыз осыған дейін 8×8 түрінен де алтын жүлде еншілеген
Қазақстан құрамасы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында арқан тартыстан кезекті алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бүгін арқан тартыстың 4×4 түрінен сынға түскен ұлттық құрама тартысты бәсекеде үздік шығып, жеңімпаз атанды.
Айта кетейік, бұл – құраманың осы ойындардағы екінші алтыны. Кеше дәл осы спортшылар арқан тартыстың 8×8 түрінен де алтын жүлде еншілеген болатын.