Ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды
Шығыс Қазақстан облысының тұрғынынан ондаған кг есірткі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, Глубокое ауданының 48 жастағы тұрғыны ұсталды.
«Үйі мен шаруашылық нысанын тінту барысында полицейлер өсімдік тектес зат түйіндерін, кептірілген өсімдік бөліктерін және 40 түп бұтаны тапты. Сараптама тәркіленген заттардың есірткі құралдарына жататынын растады. Негізгі тәркіленген зат бақшадан табылды. Полицейлер ауладан тағы 156 түп қарасораны анықтады. Тәркіленген заттың жалпы салмағы 34,9 килограмды құрады», – делінген ПД хабарламасында.
Ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.