Атбасарда футбол жарысында доп теуіп жүрген 58 жастағы ер адам қайтыс болды

Дәрігерлер оған шұғыл көмек көрсеткенімен, ер адамды аман алып қалу мүмкін болмаған

Атбасарда футбол жарысында доп теуіп жүрген 58 жастағы ер адам қайтыс болды
Фото: istockphoto.com

Ақмола облысының Атбасар қаласында өткен өңірлік жарыстардың бірі Астанадан барған 58 жастағы футболшы қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық полицияның мәліметінше, 1968 жылы туған ер адамның қайтыс болу фактісі Атбасар аудандық полиция бөлімінде тіркелген.

«1968 жылы туған ер адамның қайтыс болу фактісі Атбасар аудандық полиция бөлімінде тіркелді. Алдын ала мәлімет бойынша, өлімге жүрек проблемалары себеп болған. Қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша түпкілікті шешім қабылданады», – деп хабарлады Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі агенттікке берген түсініктемесінде.

Әлеуметтік желілерде футболшының командалық кездесу барысында өзін жайсыз сезінгені айтылып жатыр. Дәрігерлер оған шұғыл көмек көрсеткенімен, ер адамды аман алып қалу мүмкін болмаған. Жарысты Атбасар қаласының жергілікті әкімдігі ұйымдастырған.