Ғалымжан Қойшыбаев вице-премьер лауазымына тағайындалды

Құрылтайда Ғалымжан Қойшыбаевтың кандидатурасы қаралды

Ғалымжан Қойшыбаев вице-премьер лауазымына тағайындалды
Фото: gov.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ғалымжан Қойшыбаевты вице-премьер – Үкімет Аппаратының басшысы лауазымына тағайындады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мемлекет басшысының жарлығымен Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды», – делінген Ақорданың хабарламасында.

Айта кетейік, Құрылтайдың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары жөніндегі комитетінің отырысында Ғалымжан Телманұлы Қойшыбаевты премьер-министрдің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы лауазымына кандидатурасы мақұлданды.

Мәселе Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңының 30-бабына сәйкес депутаттардың қарауына ұсынылған болатын.